Францияда тұз өндірісі қарқын алды

Францияда тұз өндірісі қарқын алды

«Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы». Франциядағы тұз өндірушілер аптап ыстық пен құрғақшылықтан қыруар пайда тауып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың өндірісі биыл 2 есе артқан. Бұл салада елдің солтүстік-батысындағы Геранд өңірі көш бастап тұр. Олар тұзды бүкіл әлемге тонналап сатуға кіріскен.  Әдеттегідей жауын-шашын болмағандықтан, су буланып, кристалл заттың өнімі көбейіп, дәмі жақсарды. Ал биыл бұл аймақта 40 күннен бері бір тамшы жаңбыр жаумай, күн қатты ысып тұр.  

Франсуа Дюранд, кәсіпкер:

Біздің өндіріс рекордты деңгейге беталды. Соңғы 10 жыл бойы 1 тоннадан сәл асатын өнім алып келсек, биыл бұл нәтиже 2 есе көбейіп, 2 жарым тоннаға жетті. Климат өзгерісі бізге жағып жатыр. Бірақ өкінішке қарай, бұдан басқаларға зиян келуде. Өрт көбейіп, су тапшылыққа айналды.