АҚШ-та 40 жылда болмаған инфляция

АҚШ-та 40 жылда болмаған инфляция

Құрама штаттарда шілде айында бензин арзандаған, бірақ азық-түлік бағасы шарықтап шыға келді. Қымбатшылықтың қыспағында қалғанын бұл жолы халық анық сезінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

- Бір латте 4 доллар 50 цент тұратын, қазір 5 доллар. Тіпті кей жерде 7 долларға сатылады. Бір бөтелке су 1 доллар 25 цент болатын, қазір 1,60 доллар. Осылай баға байқалмай өсіп жатыр. 

- Менің ойымша, алдағы бір-екі айда, не бірнеше аптаның ішінде баға тұрақтана қоймайды. Келесі жылға дейін осылай өсе ме деген күдік бар. Сондықтан, қазірден бастап не істеуіміз керегін ойлау қажет.

Блумбергтің хабарлауынша, былтырғымен салыстырғанда АҚШ-тағы азық бағасы дерлік 11 процентке өскен. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 1979 жылы болған. Мәселен, дәнді дақыл бағасы 16,8 ал мұздатылған жеміс-көкөніс 10,6 пайызға өсті. Сондай-ақ балалар тамағы 15 пайызға қымбаттады. Бұл санаттағы тауарларда бұрын-соңды бұндай өсім болмағанын айта кеткен жөн.  Сүт өнімдері 15, жұмыртқа 38 пайызға шарықтады.

Брайан Маркс, экономист:

- Мына нәрсені ескерген жөн: нарық қазір қатты құбылып жатыр. Оған қоса, экономиканың болдыруы және әлсіреуі деген ұғым бар. Естеріңізде болса, пандемияға байланысты бәріміз экономикалық тұрғыдан дағдарып қалдық, әрине, осының бәрі бағаға әсер етті. Укранадағы соғыс пен Қытаймен арадағы кикілжің тағы шықты. ОПЕК-тің ықпалы өз алдына. Осының бәрі экономикаға қатер төндіреді. Сондықтан, инфляцияға қатысты бұрынғыдай болжам жасау қиын.

Кеше Ақ Үй басшысы Демалысқа кетер алдында дәл осы инфляцияға қатысты мәлімеме жасады.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Бүгін шілде айында инфляция нөл процент деңгейіне болғаны жайлы ақпар алдық. Нөль процент. Бұл нені білдіреді? Кей тауардың бағасы қаншалықты өссе, басқасының бағасы соншалықты арзандаған.  Ия,  халық одан зардап шегіп отыр. Экономистер инфляцияны бағамдағанмен, азық-түлік пен энергияның бағасын елемеген. Сөйте тұра бұны негізгі инфляция деп атайды. Өткен аптада 528 мың жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 3,5 процентке жеткенін ескерсек – тегеурінді экономиканы құрудағы жұмысымызды бұл инфляция жоққа шығарып отыр.  

АҚШ Президенті алдағы уақытта экономикаға төнген қауіп бұлтының сейілмейтінін мойындады. Бұған Еуропадан тауар тасымалының бәсеңдеуі және ковидке байланысты Азиядағы карантин шаралары себеп. Ақ Үй әкімшілігі енді орта таптың әл-ауқатын арттыруға күш саламыз деген ниетте.

Авторы: Бақыт Топтаева