АҚШ пен Финляндия бірлескен әскери жаттығу өткізуде

АҚШ-тың әскери-теңіз күштері Финляндиямен бірге Балтық теңізінде оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған американың «Кирсарж» деп аталатын әмбебап десанттық кемесі келді. Мұндай жиынды Финляндия НАТО бірге соңғы 30 жыл бойы өткізіп келді. Естеріңізде болса, АҚШ президенті Джо Байден Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамаларға қол қойған еді. Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс аталған екі елдің НАТО-ға кіру туралы өтініш беруіне түрткі болды.