Бразилияда орман ағашы жойылып жатыр

Бразилияда орман ағашы жойылып жатыр

Бразилияда орман ағашы рекордты деңгейде азайып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет таратқан мәлімет бойынша соңғы 7 айда 5 жарым мыңдай шаршы шақырым жасыл желек жойылған. Аймақ бірінші кезекте өрттен зардап шегуде. Әсіресе ең үлкен қауіп Амазон орманына төніп тұр. Мамандар ормансыз қалған аумақтың көлемі Нью-Йорк қаласынан 7 есе көп екенін алға тартады.