Германия газ тұтынушыларға қосымша салық салмақ

Германия газ тұтынушыларға қосымша салық  салмақ

Германияның Экономика және энергетика министрі газ тұтынушыларға қосымша салық салу бастамасын қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роберт Хабек бұл шешімді «әділ, түсінікті әрі өте ашық қадам» деп бағалады. Шенеунік үстемақы газ жеткізуші компанияларды ынталандыру үшін қажет дейді.

Айта кетейік, осының алдында неміс билігі газ бағасын көтеруге келіскен болатын. Украинадағы жағдайға байланысты әлемдік энергетика нарығында дағдарыс басталғаны белгілі.

Роберт Хабек, Германияның Экономика және энергетика министрі:

- Бұл өте дұрыс ұйғарым. Осылайша біз дағдарысқа байланысты туындаған шығынды тұтынушылар арасында бөле аламыз. Бұл жақсы амал. Әйтпесе барлық тарапқа қиын болады.