Сомалиде шабуылдан көз жұмғандар саны 12-ге жетті

Сомалиде шабуылдан көз жұмғандар саны 12-ге жетті

 Сомали астанасы Могадишода лаңкестік шабуылдан көз жұмғандар саны 12 адамға жетті. Полицияның хабарлауынша, қаза тапқандардың көбі - бейбіт тұрғындар. Тағы бірнеше кісі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше «Аш-Шабаб» экстремистік ұйымының мүшелері қонақ үй алдында жарылыс жасап, оқ атып, ішке басып кірген болатын. Содан бері мейманханаға бекініп алған содырлар үкімет әскерімен  әлі атысып жатыр. Ғимаратта қанша экстремист бары әзірге белгісіз. Айта кетейік, «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымының радикалды ережелерге негізделген мемлекет құрамыз деп Сомалиде соғыс жүргізіп жатқанына 10 жылдан асты.