Түркияда жол апатынан 16 адам ажал құшты

Түркияда жол апатынан 16 адам ажал құшты

 Түркияның Газиантеп провинциясында ірі жол апатынан 16 кісі қаза тапты, 22 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарсус-Адана-Газиантеп тас жолында жолаушылар автобусы тоқтап тұрған өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігіне және  «Ихлас Хабар» агенттігі түсірілім тобының көлігіне соқтығысқан. Марқұмдардың үшеуі өрт сөндіруші қызметкері, екеуі дәрігер, екеуі журналист, қалғандары жолаушылар. Жергілікті полиция басқармасының хабарлауынша, Незип бағытындағы жол қозғалысқа уақытша жабылды.

Давут Гүл, Газиантеп губернаторы:

- Алғашқы автобус түскі сағат 11 жарым шамасында апатқа ұшырады. Өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен басқа әріптестер оқиға орнында жүргенде екінші автобус келіп соқты. Қайтыс болғандардың арасында 3 өрт сөндіруші, 2 медицина қызметкері мен 2 журналист бар.