Швецияда сайлау қарсаңында атыс жиіледі

Швецияда сайлау қарсаңында атыс жиіледі

Швецияның оңтүстігіндегі Мальмё қаласында атыс болып, 1 адам қаза тапты. Тағы 1 кісі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Сауда орталығында оқ жаудырған күдікті қамауға алынды. Ол жасөспірім болып шықты. Полиция күдіктінің елдегі қылмыстық топтың мүшесі екенін мәлімдеді. Соңғы кездері Швецияда атыс оқиғалары жиілеп кеткен. Сарапшылар мұны алда келе жатқан парламент сайлауымен байланыстырады. Саяси дода 11 қыркүйекте өтуі тиіс. Сайлауалды науқан кезінде қылмыстық топтар да ширыға түскен.