Ұлыбританияда теміржолшылар шеруге шықты

Ұлыбританияда теміржолшылар шеруге шықты

Ұлыбританияда мыңдаған теміржол қызметкері шеруге шықты. Бәрі азық-түлік пен энергия бағасының қымбаттап кетуіне байланысты, биліктен жалақыны өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаппай наразылық акциясы кесірінен бүкіл ел бойынша пойыз қатынасы іркілді. Лондонның кей аудандарында метро қозғалысы толығымен тоқтап, станцияға топталған жолаушылар әбігерге түсті.

Айта кетейін, кеше британ билігі теміржол саласының тамырына қан жүгірту мақсатында реформалар енгізетінін жариялаған болатын. Себебі індет кесірінен бұл сала табысының едәуір бөлігін жоғалтқан.

Мик Линч, теміржолшылар кәсіподағының бас хатшысы:

Бір қадам да артқа шегінбейміз. Діттегенімізге жетпейінше, әрі қарай шеруді жалғастыра бермекпіз.

ПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАРАЗЫ

Ұлыбританиядағы ең ірі Феликстоу портының жұмысшылары да 8 күндік ереуілге шықпақ. Порт қызметкерлерінің талабы теміржолшылардікі секілді жалақымен байланысты. Қазіргі инфляция уақытында айлығымыз шайлығымызға жетпейді дейді олар. Мұндай жағдайға порт әкімшілігі қатты алаңдаулы. Себебі шеру халықаралық теңіз саудасы мен тасымалына кері әсерін тигізе ме деге қауіп бар.