Сомалиде лаңкестіктен қаза тапқан адам саны 30-ға жетті

Сомалиде лаңкестіктен қаза тапқан адам саны 30-ға жетті

Сомалидегі қонақ үйде болған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті.

Somali Guardian хабарлауынша, ондаған адам жарақат алды. Таяуда мұнда радикалды «Аш-Шабаб» тобының содырлары ел астанасы Могадишодағы федералды шенеуніктер кездесу өткізетін Hayat қонақ үйін басып алып, ғимаратты бір күннен артық ұстаған. 

Қаза тапқандардың арасында Сомали парламентінің спикері және қонақүй иесі бар. 

Бұған дейін Сомали астанасы Могадишодағы лаңкестік әрекеттен 20-дан астам адам қаза тапқаны хабарлаған едік.

euronews.com