Қытайда қуаңшылықтан балық қырылды

Қытайда қуаңшылықтан балық қырылды

Қытайдың Чжухай өңірінде құрғақшылықтан балық қырылып жатыр.

Аймақтағы өзен-көлдер өлі балыққа толып қалған. Осыған байланысты шаруалар шығынға баттық деп шырылдап жатыр.

Есеп бойынша балықшылар 15 миллион доллардан қағылған. Балықтан бөлек құрғақшылықтан қазір егістік алқаптары да қурап жатыр. Осыған байланысты өрт сөндірушілер көлікпен су тасып, қаңсып тұрған жерлерді суарып жатыр.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген ақпаратқа сәйкес, шілдедегі аптаптан ел экономикасына 400 миллион доллар шығын келген.