Мексикада кеншілерді құтқару операциясы жалғасып жатыр

Мексикада кеншілерді құтқару операциясы жалғасып жатыр

Мексикада кеншілерді құтқару операциясы әлі жалғасып жатыр. 3 апта бұрын мұнда АҚШ-пен арадағы шекараға жақын жерде орналасқан көмір шахтасында оқыс оқиға болған еді.

Кеншілер жұмыс істеп жатқанда жерасты туннелінің қабырғасы опырылып құлап, шахтаны су басты. 10 кенші сол жерде қалып қойған. Мамандар суды сорғымен тазалап жатыр. Өкінішке орай, көршілес шахтада да оқыс жағдай болған. Сөйтіп мұнда су деңгейі тағы да көтеріліп кеткен. Билік кеншінің барлығы табылмайынша, құтқару жұмыстарын тоқтатпаймыз деп отыр.        

Андрес Мануэль Лопес Обрадор, Мексика президенті:

- Өкінішке орай, кеншілерді әлі құтқара алмай отырмыз. Жұмыстар ойдағыдай жүріп жатқан еді. Алайда маңайда тағы да бір шұңқыр пайда болып, құтқару операциясын қиындатып жіберді. Кеншілердің туыстарының сұрауы бойынша Германия мен АҚШ-тағы мамандардың көмегіне жүгіндік. Олар біздің барлығын дұрыс істеп жатқанымызды айтып, оң бағасын берді.