Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні жарияланды

Қырғызстанда бүгін Ресейдегі жол көлік апатынан қаза болған жандарды ұлттық аза тұту күні.

Осыған байланысты елде мемлекеттік тулар түсіріліп, барлық ойын сауық іс-шаралары тоқтатылған.

Еске сала кетейік, жол апаты тамыздың 21-і күні Ресейдің Ульянов облысында болды. 18 адам мінген микроавтобус екі үлкен жүк көлігінің арасында қысылып қалды. Оқиға болған жерде көз жұмған 15 жолаушының 14-і Қырғызстан азаматы. Төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше 3 қырзыстандық аман қалған. Бірақ дәрігерлер олар ауыр халде жатқанын айтады. Оқиғаға байланысты Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров халыққа үндеу жолдап, жол апатынан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.