Қытайда кезекті жерсерігі орбитаға жеткізілді

Қытайда кезекті жерсерігі орбитаға жеткізілді

Қытай жер орбитасына Beijing-3B жерсерігін ұшырды. Оны Long March-2D зымыран тасығышы Шаньси провинциясында орналасқан Тайюань ғарыш айлағынан әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, ғарыш аппараты ауыл шаруашылығы ресурстарын зерттеу үшін пайдаланылмақ. Сонымен қатар қоршаған ортаның жағдайын бақылау және қалалық қосымшалардың жұмысын жақсарту ісінде де қолданылады екен.