Германияда көмір электр станциялары қайта іске қосылады

Германияда көмір электр станциялары қайта іске қосылады

Германия алдағы қыс мезгіліне газ үнемдеу үшін көмір электр станцияларын іске қоспақ. Біріншісі тамыздың 29-ынан бастап жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан кейін резервке ауыстырылған тағы бірнеше нысанның жұмысын жандандыру көзделген. Естеріңізде болса, Германия билігі климаттың өзгеруімен күрес мақсатында 2038 жылға дейін көмір электр станцияларынан толықтай бас тартуды жоспарлап келген еді. Алайда Украинадағы қарулы қақтығыс әсерінен газ жеткізу ісінде іркіліс туып, кейбір көмір станциялары сәуірге дейін қайтадан жұмыс істейтін болды.