Папуа-Жаңа Гвинеяда кофе істері жөніндегі министрлік құрылды

Папуа-Жаңа Гвинеяда кофе істері жөніндегі министрлік құрылды

Пальма майы және кофе істері жөніндегі министрлік. Папуа-Жаңа Гвинеяда осындай екі жаңа ведомство құрылды.

Тынық мұхитындағы бұл мемлекетте ауыл шаруашылығы тауарлары экспортының көп бөлігі осы екі өнімнің үлесіне тиесілі. Сондықтан билік олардың өндірісін одан әрі кеңейтуге ниетті. Жергілікті кофе АҚШ, Австралия мен Жапонияға сатылады. Оны негізінен шағын шаруашылықтар өсіреді. Сондықтан билік министрлік құрып, бұл істі жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр. Айта кеткен жөн, Папуа-Жаңа Гвинея Океанияға кіретін аралдық мемлекет. Австралиядан алыс емес жерде орналасқан. Елдің жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі жоғары. Еңбекке жарамды халықтың 80 проценттен астамы осы салада жұмыс істейді.