Жапонияда қыркүйектен бастап сырттан келгендер ПТР-тест тапсыру талабынан босатылады

Жапонияда қыркүйектен бастап сырттан келгендер ПТР-тест тапсыру талабынан босатылады

Алайда ол үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 дозасын салдырған болуға міндетті. Билік басқа да ережелерді жеңілдету жағын қарастырып жатыр.

Мәселен, қазір елге күніне ары кетсе 20 мың адам кіре алады. Алдағы уақытта ол көрсеткіш 50 мың жолаушыға дейін артуы мүмкін. Биыл маусымда кейінгі 2 жылда алғаш рет билік шетелдік демалушыларға шекара асуға рұқсат еткен. Алайда олар арнайы ұйымдастырылған туристік топ құрамында болуға тиіс. Бір қызығы - қазір елде эпидахуал өршіп тұр. Кейінгі тәулікте коронавирустан 343 адам көз жұмды. Бұл бір күнде тіркелген рекордтық көрсеткіш. Вирус жұқтырғандар да көп. Қазір тәуліктік өсім 200 мың шамасында.