Еуропа энергетикалық дағдарысты еңсеруге тырысуда

Еуропа энергетикалық дағдарысты еңсеруге тырысуда

Соңғы бір жылда Еуропа елдері энергетикалық дағдарысты еңсеру үшін 280 миллиард доллар бөлген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыруар қаржы бизнесті қолдау мен субсидияға және тұрғындардың тікелей төлемдер жасауы үшін жұмсалған. Осы мақсатқа ең көп ақша бөлінген елдер – Германия мен Италия.

Айта кеткен жөн, Украинадағы шиеленіске байланысты биыл әлемде энергетикалық дағдарыс ушығып кетті. Одан, әсіресе, Кәрі Құрлық елдері қатты зардап шегіп отыр. Еуропада энергия тасымалдаушылардың бағасы 10 есе өскен. Соның салдарынан азық-түлік пен өзге тауарлардың да қымбаттауы байқалып отыр.