Оңтүстік Кореяда бала туу саны күрт төмендеді

Оңтүстік Кореяда бала туу саны күрт төмендеді

Оңтүстік Корея әлемде бала туу саны жағынан ең төменгі деңгейге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туу коэффиценті бұл елде рекордттық көрсеткіштерге түскен. 2018 жылы бір әйелге бір баладан келсе, биыл көрсеткіш 0,81-ге дейін кеміген. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, әлемнің ең дамыған экономикасы бойынша елдерде орташа көрсеткіш 1,6. Ал көші-қонсыз  өз халқының санын сақтап қалу үшін бұл мемлекетке кемінде бір отбасыда 2 баладан болуы керек. Мамандардың сөзінше, соңғы жылдары бала туудың төмендеп кетуіне, өмір сүру құнының шарықтауы, тұрғын үй бағасының күрт өсуін және коронавирус пандемиясының салдары себеп. Халықтың азаюы елдегі үлкен шиеленістерге әкелуі мүмкін.  Мамандар енді жастар санының қысқаруы экономикаға әсер ететін жұмыс күшінің жетіспеушілігіне алып келеді деп дабыл қағуда.