Германия қар сақтауды қолға алды

Германиядағы Оберстдорф таушаңғы шипажайы қар сақтауды қолға алды.

Ол үшін Италия мен Швейцарияда сынақтан өткен тәжірибе қолданылмақ. Яғни қыста түскен қар бір жерге жиналып, үсті ағаш жоңқасымен жабылады екен. Себебі қалыңдығы 50 сантиметрге жететін жоңқа қабаты ауаның алмасуына мүмкіндік бермейтін көрінеді. Сөйтіп, күз келгенде еріп кетпеген қарды спортшылардың жаттығуына қолдану көзделген. Германияның бұл аумағында бірнеше рет әлем чемпионаты өткен. Тау-шаңғы шипажайы жергілікті биатлонистердің жаттығу базасы саналады.