Германияда астық көлемі азаяды

Германияда астық көлемі азаяды

Германияда биыл қуаңшылықтың кесірінен астық өндірісі 50 пайызға кемуі мүмкін.

Елдегі аптап ыстық фермерлерге оңай тиіп жатқан жоқ. Астықтан бөлек картоп, жүгері және басқа да дәнді  дақылдар қурап барады. Сондай-ақ, қант өндіру үшін пайдаланылатын қызылша секілді өсімдіктер мүлдем өспей қалып жатыр.  Айта кетейік, ағымдағы жылы бірқатар Еуропа елдерінде жауын-шашын мөлшерден аз түскен. Бұл ауылшаруашылық секторына кері әсерін тигізіп отыр. Фермерлер енді малға азық жетпейді деп дабыл қағуда. 

Эрих Гуссен, фермер:

- Әдетте осы уақытта мына жер көгалданып, өсімдіктер жайқалып тұрушы еді. Көріп отырсыздар қазір бәрі қурап барады. Егін қыркүйек, қазан айында орылу керек. Бірақ биыл өнім өте аз. 

2 мың адам эвакуацияланды

АҚШ-тың Калифорния штатында да жағдай  мәз емес. Аймақта орман өрті өршіп, мыңдаған адам үйлерін  тастап, эвакуацияланды. Лаулаған жалын қазір Йосомети Ұлттық саябағына қарай жақындап келеді. Аптап ыстық пен екпінді желден лапылдаған от қарқынды тарап жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға 2 мыңнан астам өртсөндіруші мен құтқарушы жұмылдырылған. Бұдан бөлек, тікұшақтар, ауыр техника тартылған.