АҚШ-тың Аризона штатында атыс болды

АҚШ-тың Аризона штатында атыс болды

Төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Тусон қаласындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болды. Арнайы топ осы үйдегі бір тұрғынды күштеп шығармақ болған кезде ол оларға оқ атқан. Салдарынан оқиға орынында бір полицей, үй басқармасының бір қызметкері және тағы бір адам көз жұмған. Күдікті де алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әлі белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.