Пәкістанда тасқын қаупі сейілмей тұр

Пәкістанда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған су тасқыны себеп. Әдетте елде жауын-шашын маусымы шілдеде басталатын. Алайда биыл бір ай ерте келіп, мамандар дайын болмай қалған. Салдарынан 3 ай ішінде тасқыннан бір мыңнан аса адам көз жұмды. Арасында бала көп. БҰҰ елге 3 миллион доллар бөлетін болды. Алайда жергілікті билік мұның жеткіліксіз екенін айтып, халықаралық қауымдастықтан көмек сұрайды. Өйткені кейбір өңірлерге адам аяғы жете алмайды, қатынас үзілген. Құтқарушылар тұрғындарды қайықпен эвакуациялауға мәжбүр. Судың ластануы салдарынан балалар арасында түрлі аурулар да көбейген. 170 мың Үй қираған. Кейбір өңір тұрғындары сусыз және жарықсыз отыр. Ал синоптиктер жаңбыр әзір басылмайтынын айтады.       

Тасқын салдарынан құбырлар бүлінген. Салдарынан су 3 күнге өшірілді. Егер бүгін-ертең жаңбыр тоқтамаса, су бір аптадай болмайтынын естіп жатырмыз.

Биліктен еш көмек жоқ. Үйім қирап қалды. Ішіндегі дүниенің бәрі бүлінді. Су тізеден келеді. Жаңбырдың басылатын түрі жоқ.