Еуропада су астынан шыққан орындарға саяхат артты

Еуропада су астынан шыққан орындарға саяхат артты

Еуропада аптап ыстық пен қуаңшылықтан саяхатшылар арасында «құрғақ туризмнің» танымалдығы артты. Яғни тартылған көлдер мен өзендердің түбінен көрініп қалған ежелгі археологиялық орындарды көруді қалайтындар көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Испаниядағы Виланова-де-Сау қаласына саяхаттаушылар қарасы артқан. Оған осы жердегі суқоймасы тартылып, 1962 жылы су астында қалған шіркеудің қайта көрінуі себеп болған. 

ТҮНГІ ТУРИЗМ ЕТЕК ЖАЯ БАСТАДЫ

Қытайда түнгі туризм қарқын алып, елдің экономикалық дамуының жаңа қозғаушы күшіне айнала бастады. Зерттеуге қарағанда адамдардың 60 пайыздан астамы дүкендерде сауда-саттықты түнгі уақытта жасауға көшкен. Осы айда түнгі турларға тапсырыс 200 пайызға өскен. Осыған байланысты Қытайдың 200 қаласы туризмнің жаңа бағытын дамытуды жоспарлап отыр.

ЖОЛАУШЫ ЛЕГІ АРТУЫ МҮМКІН

Таяу Шығыстағы басты туристік бағыттың бірі Біріккен Араб Әмірліктерінде де туризм саласына қан жүгірген. Дубайдың халықаралық әуежай операторы биылғы жылдың екінші жартысынан жолаушылар легі індетке дейінге деңгейге жетеді болжап отыр. Алғашқы жартыжылдықта саяхатшылар қарасы 2 есе артқан. Жалпы әуе айлағы биыл 62 миллионнан аса жолаушыға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Салыстырмалы түрде алсақ, 2019 жылы бұл халықаралық әуе айлағымен 86 миллионнан аса адам сапарға аттаныпты.

Авторы: Дәурен Ақашұлы