Украинада ата-аналар онлайн оқуды қолдайды

Украинада ата-аналар онлайн оқуды қолдайды

Украинада ата-аналардың көбі балаларының биыл онлайн оқығанын қалайды. Таяуда жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес дауыс бергендердің 59 проценті осындай ойы барын айтқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені ұл-қыздарының қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Алайда билік оқудың мүмкіндігінше дәстүрлі форматта өткені дұрыс дейді. Ол үшін білім беру мекемелері бомбадан жасырынатын жертөлемен қамтылды. Ал егер мектепте ондай мүмкіндік болмаса, онда балалар қашықтан оқиды.

Балаларды мектепке жіберуге қорқамын. Өйткені көбінде бомбадан жасырынатын орын жоқ. Сондықтан онлайн оқығаны дұрыс болар деп шештік.

Бәрі де қорқады. Бұл түсінікті. Алайда үйде тығылып отыра бергеннен еш пайда жоқ. Мектеп басшылығының басы екеу емес шығар. Олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алғаннан кейін ғана мектептерді ашып жатқан болар.