Үндістанда обырға қарсы вакцина шығады

Үндістанда обырға қарсы вакцина шығады

Үндістанда жатыр мойны обырына қарсы алғашқы вакцина дайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеу институты  жақында екпені нарыққа жібереміз, деп мәлімдеді. Вакцинаның көмегімен жатыр мойны обырын туғызатын адам ағзасындағы екі папилломавирусты емдейді. Компания екі жылда 200 млн доза шығаруды жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жатыр мойны обыры әлем бойынша  ең көп таралатын қатерлі ісіктердің бірі  болып есептеледі. 2020 жылы 342 мың адам көз жұмған. Дертке шалдыққандардың 90 пайызы әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларында кездеседі.

Адар Пунавалла, «Үндістанның Сарысу институтының» атқарушы директоры:

– Бұл вакцина 10 жылғы зерттеулердің нәтижесі. Елдегі биотехнология департаменті мен ғылым және технология министрлігінің қолдауымен екпені әлемге таратуды жоспарлап отырмыз. Құны қолжетімді, 2-5 доллар шамасында  болады. Жатыр мойны обыры сияқты аурудың алдын алу өте маңызды.