Бельгияда жанармай бекеттерінде кезек көбейді

Бельгияда жанармай бекеттерінде кезек көбейді

Францияға көрші Бельгиядан бет алған көлік қарасы көбейіп, жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бесінші республикада бензиннің 30 центке арзандауы себеп. Сонымен бірге «Тоталь» компаниясы да өзінің барлық жанармай бекеттеріндегі шикізат құнын 20 центке төмендеткен. Осыдан кейін-ақ Бельгиядан арзан бензин алуға асыққан жүргізушілер көбейді. 

– Мен мұнда бензин арзандағанын естіп келдім. Бізде оның бір литрі 1 еуро 86 цент болса, мұнда 1 еуро 59 цент. Көліктің багын толтырып алсаң айырмашылығын бірден сезінесің.

– Кезінде Бельгияда газ арзандағанда осындай жағдай болған. Арзан газ үшін сол жаққа баратын едік. Енді олардың кезегі келген сияқты.