Пәкістан гуманитарлық дағдарысқа ұшырады

Пәкістан гуманитарлық дағдарысқа ұшырады

Пәкістанда алапат су тасқынынан 33 млн адам зардап шекті.

Салдарынан елде гуманитарлық дағдарыс белең алды. БҰҰ аймаққа материалдық-техникалық көмек көрсете бастады. Әзірге Килла-Бато, Нушки мен Белуджистан провинциясына ұн, тұз бен дәнді-дақылдар жеткізілген.

ЮНИСЕФ-тің мәліметіне сәйкес, аймақтағы 3 млн жуық баланың өміріне қауіп төніп тұр. Аштық пен ауыз су тапшылығынан бүлдіршіндер арасында түрлі аурулар тарай бастады. Айта кетейік, табиғат апатынан 1 мың 200 адам опат болды. Оның 400-ден астамы бала. Тағы шамамен 5 мыңға жуық тұрғын жарақат алған. 730 мың мал басы қырылып қалды. Қазір елдің 80 ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Абдулла Фадил, ЮНИСЕФ өкілі:

- Новшер қаласында эвакуацияланған тұрғындар үшін уақытша баспаналар құрылды. Аймақты әлі де су басып жатыр. Жағдайымыз мәз емес. Зардап шеккендерге барынша көмек көрсетілуде.  Оларды дәрі-дәрмек, ауыз су және вакцинамен қамтамасыз етеміз.