Пәкістанда апат салдарынан балалар арасында өлім-жітім көбеюі мүмкін

БҰҰ Балалар қоры Пәкістандағы су тасқынынан кішкентайлар арасында өлім-жітім артуы мүмкін деп алаңдап отыр.

Қазір аймақтардың көбінде тасыған су деңгейі қайтып жатқанмен, жерлердің бәрін лай-батпақ басқан. Таза су жүйлері бүлінгендіктен тұрғындар ауыз су тапшылығынан қатты зардап шегіп отыр. Осыған байланысты сарапшылар алдағы уақытта апат аудандарында тырысқақ, іш өту сияқты аурулар өршуі мүмкін екенін айтады. Жалпы су тасқынынан 400-ден аса бала көз жұмған. Бұл табиғат апаты құрбандарының үштен бір бөлігі.

Абдулла Фадил, Пәкістандағы БҰҰ балалар қоры өкілі:

- Тасқыннан келген шығын орасан зор. Су басқан аудандарда түрлі аурулар өршуінің алдын алу үшін дайын болуымыз қажет. Қазір алдын ала болжамға қарағанда табиғат апатынан 3,5 миллиондай бала жапа шеккен.