Камчаткада тауға шықпақ болған алты турист қаза тапты

Камчаткада тауға шықпақ болған алты турист қаза тапты

Камчаткада Ключевская сопка тауына шықпақ болған 6 турист қаза тапты.

Туристерден құралған топта 12 адам болған. Марқұмдардың бесеуі 4 мың метр биіктіктен құлаған екен. Бірнеше сағаттан кейін ес-түзсіз жатқан тағы бір саяхатшы жан тапсырды.

Белгілі болғандай, екі адам лагерьге жете алды. Тағы төртеуі 4 мың метр биіктікте тұр. Оларды құтқару үшін тікұшақ жөнелтілді. Ал бұл саяхатты ұйымдастырған фирманы прокуратура тексере бастады. Аймақтық тергеу комитеті болса оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.