Канадада 10 адам қаза тапты

Канадада 10 адам қаза тапты

Канаданың Саскачеван провинциясында қанды қырғыннан 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 15 шақтысы пышақталып, аурухаға түсті. Қазір полиция күдіктірелерді іздеп жатыр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, олардың аты-жөні мен қандай көгік мінгені белгілі. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, қылмыскерлер көшеде кетіп бара жатқан қарапайым адамдарға пышақ ала жүгірген. Әзірге олардың неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз.  

Ронда Блэкмор, Саскачеван провинциясының полиция басшысы:

– Біз екі күдіктіні әлі іздеп жатырмыз. Олар өте қауіпті, қарулы. Жергілікті тұрғындарды сақ болуға шақырамыз. Алдын ала болжам бойынша олар нақты белгілі бір адамдарды өлтірмек болған, бірақ күәгерлер көмекке келіп ажал құшқан. Күдіктілердің есімдері Дэмиен Сандерсон мен Майлз Сандерсон.