Еуропа елдерінде газ күрт қымбаттады

Еуропа елдерінде газ күрт қымбаттады

Өткен аптада «Газпром» Ресейден Германияға дейін жалғасып жатқан «Солтүстік ағын» құбыры бойынша шикізат тасымалын уақытша тоқтатқаннан кейін бағалар тағы өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Мәселен, халықаралық валюта қорының пайымдауынша, Еуроодақ тұрғындары үшін биыл көгілдір отын бағасы 122 процентке артуы мүмкін.

Еурокомиссия электр энергиясының күрт қымбаттауына байланысты тұтынушыларды қолдау шарасын әзірледі. Оған сәйкес үстеме табысқа салық салу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, электр қуатының құны шектелуі мүмкін. Тиісті мәселе халықаралық бірлестіктің энегретика министрлерінің шұғыл кездесуінде талқыланады. Басқосу 9 қыркүйекте өтуі тиіс.