Әлем бойынша 244 млн бала мектепке бармады

Әлем бойынша 244 млн бала мектепке бармады

Биыл сабаққа бармағандардың көбі Африкада тұратын ұл-қыздар. Құрлықтағы 98 миллион бала білім алу мүмкіндігінен айырылған.

Бір елде қарулы қақтығыс жалғасып жатса, енді басқасын аштық жайлаған. Сондықтан жейтін нан таба алмай отырған балалардың оқу туралы ойлайтын мұршасы да жоқ. Ал Нигерияда батыс үлгісіндегі білім беруге қарсы "Боко Харам" содырлары мектептерге жиі шабуыл жасайды. Сондықтан ата-аналар ұл-қыздарының амандығы үшін алаңдап, оларды оқытпайды. Орталық және Шығыс Азиядағы ахуал да мәз емес. Мұнда кәмелетке толмаған 85 миллион адам биыл сабаққа бармады. Мұнда мәселен Үндістан мен Пәкістан секілді елдерде балалар ерте есейіп, мектептің орнына аш қалмау үшін жұмыс істеуге мәжбүр.

Осы ЮНИСЕФ өкілдері Сомалидегі балалардың жағдайына алаңдаулы. Елде осымен бесінші маусым жаңбыр жаумай отыр. Салдарынан егіс алқаптары қурап, мал қырылған. Тиісініше ашқұрсақ жүргендер қатары да артқан. Сарапшылар бір жарым миллион балаға аштық қаупі төніп тұр дейді. Жыл басынан бері тойып тамақ ішпеген 730 бала қайтыс болған. Бұл ресми дерек. Мамандар шындығында ол сан әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Бұл аздай елде кәмелетке толмағандар арасында тырысқақ, безгек және қызылша секілді аурулар өршіп барады. Кейінгі бірнеше айда қызылшаны 13 мың адам жұқтырса, соның 80 проценті  - жасы әлі 5-ке толмаған бүлдіршіндер. 

Вафаа Саид Абделатеф, ЮНИСЕФ өкілі:

- Өкінішке қарай 730 бала аштықтан көз жұмды. Сорақысы сол, бұл тойып тамақ ішпей, ауруханаға түскен бүлдіршендердің 1 процентіне де жетпейді. Кейбір отбасылар баласының қайтыс болғаны туралы хабарламайды. Сондықтан сандар әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Пәкістанда ДА балалар арасында өлім көрсеткіші артуы мүмкін деген күдік бар. Оған елдің есін шығарған су тасқыны себеп.   Баспанасынан айырылған көп адам уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр. Ал онда адамдар антисанитариялық жағдайда өмір сүріп жатыр. Жердің бәрін лай-батпақ басқан. Таза ауыз су жүйлері бүлінген. Сондықтан алдағы уақытта мұнда іш өту не тырысқақ секілді аурулар өрши түсуі мүмкін дейді сарапшылар.  

ШВЕЙЦАРИЯ

Абдулла Фадил, ЮНИСЕФ өкілі:

- Алдын ала мәлімет бойынша су тасқынанан 3 жарым миллион бала жапа шеккен. Табиғат апатынан 400 кәмелетке толмаған жас көз жұмды. Тасқыннан келген шығын орасан зор. Су басқан аудандарда түрлі аурулар өршуінің алдын алу үшін дайын болуымыз қажет.

Қазір жергілікті мектептердің біразы баспанасыз қалғандар үшін уақытша орталыққа айналған. Яғни мұнда сабақ өтпейді. Сондықтан сарапшылар онсыз да пандемия салдарынан білім сапасы төмендеген елде оқушылардың үлгерімі одан бетер нашарлайтынын ескертеді.