Оңтүстік Корея көрші елмен жанұялардың қосылуы туралы келіссөз жүргізбек

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны 1950-53-ші жылдардағы соғыс кезінде бөлінген жанұялардың қосылуы туралы келіссөз жүргізуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сеул мәселеге қатысты Пхеньянның барлық ұсынысын қарастыруға дайын екенін білдірді. Бірақ сарапшылар Пхеньян қазір оңтүстіккореялық президент Юн Сук Ёл билігімен қатынастан бас тартып отырғанын, сондықтан оны қолдамауы мүмкін екенін айтады. Қос елде бөлінген жанұялардың табысуы соңғы рет 2018 жылы болған.