Албания Иранмен дипломатиялық қатынасты үзді

Албания Иранмен дипломатиялық қатынасты үзді

Елшіліктің барлық қызметкеріне 24 сағаттың ішінде мемлекеттен кетуді талап еткен нота тапсырылған.

Шешімге Албания үкіметінің сайттарына кибершабуыл себеп болды. Оны "Хоумлэнд Джастис" ((HomeLand Justice)) деп аталатын топ мойнына алған. Алайда ресми Тирана хакерлер Иран билігінің өз диссиденттеріне қарсы әрекетін қолдау үшін жүргізгенін айтады. Бірақ ресми Тегеран бұл айыпты жоққа шығарды. Ал ақпаратқа қарағанда Албания өз жерінде Иранның 3 мыңға жуық диссидентін паналатқан.