Ванкуверді түтін тұмшалады

Ванкуверді түтін тұмшалады

Канададағы Британиялық Колумбия провинциясында орман өртке оранып, аймақ орталығы Ванкувер қаласы көк түтінге оранды.

Шаһардағы ауа сапасы күрт нашарлауынан тұрғындар қиындыққа тап болған. Жалпы аймақта 200-ге жуық өрт ошағы тіркеліп отып отыр. Табиғат апатына байланысты 1 мыңға жуық адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшкен. Тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Өрттен Альберта провинциясына қарай салынып жатқан мұнай құбырының жұмыстары уақытша тоқтатылды.