АҚШ-та медбикелер ереуілге шықты

АҚШ-та медбикелер ереуілге шықты

АҚШ-тың Миннесота штатында медбикелер үш күндік ереуілге шықты. Медицина қызметкерлерінің мардымсыз жалақысы мен саладағы маман тапшылығына көңілдері толмайды.

Миннеаполис пен Дулут қаласынан 15 мың медбике жұмысынан шыққан. Қазір медицна орталықтарында уақытша мамандар жұмыс істеп жатыр. Аурухана басшылары наразылардың еңбекақысын 12 процентке өсіруді ұсынғанымен медбикелер бұған келіспей тұр. Олар ақыны 30 процентке арттыруды талап етеді.

Трейси Диттрих, медбике:

- Жұмыс берушімен наурыз айынан бері келіссөз жүргізіп келеміз. Одан түк нәтиже шыққан жоқ. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін бірнеше ұсыныс жасадық. Бізге білікті мамандар қажет. Сонымен қатар жалақымыз өсіп, құқығымыз қорғалу керек!