Украинада азат етілген жерлер қалпына келтіріліп жатыр

Украинада азат етілген жерлер қалпына келтіріліп жатыр

Украина Ресей күштерінен азат еткен 4 мың шаршы шақырым жерді толығымен бақылауға алды. Бұл туралы осы елдің президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, азат етілген мекендерде бейбіт өмірді қалпына келтіру шаралары қолға алынып жатыр. Мысалы, кей аудандардың тұрғындарына 5 айдан бері берілмеген зейнетақы төлене бастаған. Украина әскері өткен аптада елдің шығысы мен оңтүстігінде қарсы шабуылға көшіп, көптеген елді мекенді азат етті.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Қазірге дейін жау қолынан азат етілген 4 мың шаршы шақырым жерде тұрақтандыру жұмыстары аяқталды. Дәл осындай аумақта шаралар әлі жалғасуда. Бұл жерлерде басқыншы әскердің қалдықтары мен диверсиялық топтарын тұтқындау жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары қалпына келтіріліп жатыр.