Қытайға «Муифа» дауылы жақындады

Қытайға «Муифа» дауылы жақындады

«Муифа» дауылы Қытайдың шығыс жағалауына жақындап, Чжец-зян аймағында 700 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығыс-Қытай теңізінде жүзіп жүрген кемелер мен қайықтар порттарға оралды. Жүздеген рейс кейінге шегерілді. Синоптиктер тайфуннан алдағы күндері бірқатар провинцияда жауын-шашын мол болатынын ескерткен. Аймқтарда дауылдан төнген қауіп деңгейі жоғары сарғылт түске көтерілген.