Испания Ресей газынан бас тартады

Испания Ресей газынан бас тартады

Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Үкімет басшысы Педро Санчес сенат отырысында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел нарығындағы Ресей газының үлесі шамамен 12%.

Испания газды бүгінде АҚШ, Алжир, Нигерия, Франция және Ресейден тасымалдап келеді. 30% астам үлесі бар АҚШ – Испанияның ең ірі газ экспорттаушысы. Ал көгілдір отынға қажеттіліктің жиырма 2% Алжир жауып келген. Дей тұрғанмен, осы жазда Испания мен ресми Алжир Батыс Сахараға қатысты ұстанымы үшін дипломатиялық қақтығысқа тап болып, салдарынан Испанияға Марокко арқылы Алжирға газ тасымалы 18% дейін қысқарды.

Хосе Антонио Визнер, мұнай және газ нарығының сарапшысы:

- Осы дипломатиялық қақтығыстың кесірінен Испанияға Америкадан кейінгі екінші орында тұрған ірі газ тасымалдаушы ел Алжир көгілдір отынның көлемін айтарлықтай қысқартты. Сондықтан шілде айында  Испания билігі Ресей газының тасымалын екі есе арттырып, оның нарықтағы үлесін 24% бір-ақ шығарды. 

Жазда ғана Ресей газының үлесін күрт көтерген Испан билігі күзге салым Мәскеу отынынан толығымен бас тартамыз деп батыл мәлімдеме жасады. «Дей тұрғанмен, биыл толығымен орыс отынан бас тартуға Испания дайын емес», – дейді сарапшылар.

Педро Санчес, Испанияның үкімет басшысы:

- Еуроодаққа мүше мемлекеттер энергетикалық бопсадан құтылуымыз керек. Оған әрине, жеке-жеке емес, бәріміз күш біріктірсек қана жетеміз.

Хосе Антонио Визнер, мұнай және газ нарығының сарапшысы:

- Ресей отынан бас тарту үшін ЕО жасыл энергияның инфрақұрылымын жоқ дегенде 2027 жылы аяқтауы керек. Екінші мәселе – қуатты барынша үнемдеу. Біз жан-жақты дайын болғанда ғана, газ тәуелділігінен құтылдық деп айта аламыз.

Испания билігі энергияны үнемдеу бойынша тамыз айында шаралар кешенін бекітті, мақсат: газ тұтынуды 7-10% дейін азайту. Атап айтқанда, елдегі барлық мемлекеттік ғимараттарда, сауда және кеңсе орталықтарында, кинотеатр, қонақүй, вокзал мен  әуежайларда  жаздағы температура 27 градустан төмен, ал қыста 19 градустан (кондер туралы айтылса, керісінше, қыста 27 градус, жазда 19-дан емес пе? ) жоғары болмауы тиіс.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач