Қырғызстан шекарасы: 136 мың тұрғын эвакуацияланды

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай толық тұрақталған жоқ. Аймақтағы тілшіміздің хабарлауынша, оқ атпау режиміне қарамастан кейде атыстың дыбыстары әлі де естіледі. Баткен облысындағы төтенше жағдай сақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігі шиеленіс болған жерден 136 мың тұрғынның эвакуацияланғанын мәлімдейді. Қазір оларға республика бойынша гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында ең қажетті заттар, жеке гигиена, азық-түлік, киім мен жылы төсек жеткізуге арналған арнайы гуманитарлық орталықтар ашылды. Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша атыс-шабыстан 24 адам қаза тапқан. Тәжік тарапы адам шығыны жайында нақты ақпарат берген жоқ. Бейресми деректер бойынша 7 адам мерт болған.

Эргалай Муратова, Лейлек ауданының тұрғыны:

– Баткендегі отандастарымызға қол ұшын созуымыз керек. Сол үшін ең қажетті заттарды жинап жатырмыз. Жағдайлары өте қиын. Олар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Әкелген заттардың барлығын шұғыл Баткен облысына жеткізуге тырысамыз. Көмек көрсеткісі келгендер өте көп.