Украинада АЭС электр желісіне қосылды

Украинада АЭС электр желісіне қосылды

Запорожьедегі атом станциясы электр желісіне қосылды. Нысан 26 тамызда қуат көзінен ажыратылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені қарулы қақтығыс кезінде электр тарату желілері зақымданды. Әзірге инженерлер солардың төртеуінің біреуін ғана жөндеген.

Айта кеткен жөн, Запорожьедегі атом электр станциясы наурыздың басында Ресей әскерінің бақылауына өткен. Тамыздың басынан бері шабуылға ұшырап, Киев пен Мәскеу бұл үшін бірін-бірі айыптап келді. Таяуда атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік нысанға барып, қақтығыс салдарынан оған зиян келгенін мәлімдеген.