Спутниктердің жаңа топтамасы ұшырылды

Спутниктердің жаңа топтамасы ұшырылды

Спейс Икс компаниясы, Старлинк шағын спутниктерінің жаңа топтамасын cәтті ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, бас-аяғы 53 аппарат орбитаға шығарылды. Олар екі сатылы Falcon 9 зымыранымен жеткізілген. Спутниктер Флоридадағы Кана-вералдан көкке самғады. Бұл биыл компанияның орбитаға 62-рет шығуы.

Естеріңізге салайық, америкалық компания 2019 жылдың мамыр айынан бастап үш мыңнан астам спутникті ғарышқа ұшырған. Мақсат – әлемнің түкпір-түкпірінде интернеттің қолжетімді болуы.