Боливияда ерекше шеру өтті

Боливияда ерекше шеру өтті

Ла-Пас қаласында ондаған адам үй жануарларына қарсы қорлықты тоқтату керек деп талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілер қаланың ірі көшелерімен иттерін, қояндарын, мысықтарын жетектеп жүріп өтті. Олардың сөзінше, елде қоршаған орта, үй жануарлары мүлдем қорғалмайды, қоғамда адамдар қатыгез болып барады. Таяуда елде спорттық шара кезінде иттерді таяқпен, таспен өлтірген жантүршігерлік видеолар тарап, боливиялықтардың ашуын туғызған еді. Содан оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталған. Жиналған жұрт жануарларға қатысты зорлық-зомбылық елде жиілеп кетті және оның көбі назардан тыс қалады деп шағымдануда.