«Фиона» дауылы Канадаға жетті

Елдің солтүстік-шығысында алапат дауылдан жарты миллион үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Соңғы деректерге қарасақ, екпінді желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жеткен. Дүлей дауыл үйлердің шатырларын ұшырып, ағаштарды сындырып, жолдарды шайып кетті. Қазір елдің 5 провинциясында тұрғындарға алыс жолға шықпауға, сақ болуға ескерту жасалды. Мамандар бұған дейін, «Фиона» Канада тарихында ең алапат дауыл болады деп болжаған еді.

Айта кетейік, таяуда ғана «Фиона» Пу-эрто Рико мен Доминикан Республикасына ауыр соққы берген еді. Кей өңірлерде төтенше жағдай жарияланып, жүздеген тұрғын баспанасыз қалған.   

Сондай-ақ...