Украинадағы Запорожье атом электр станциясының аумағы атқыланды

Украинадағы Запорожье атом электр станциясының аумағы атқыланып, нысан сыртқы электр энергиясы жүйесінен ажырап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің «Энергоатом» компаниясы хабарлады. Апаттың салдарынан станция электр энергиясын резервтегі дизельді генераторлардан алуға көшкен. Киев қазіргідей жағдайда дизельді отын қоры 10 күнге ғана жететінін айтады. Ресей күштері бұл атом электр станциясын наурыз айында басып алған. Бірақ қарулы қақтығыстан нысандағы ахуал шиеленісіп, ядролық апат қаупі күшейген.