Испанияда өрт сөндірушілер шеруге шықты

Испанияда өрт сөндірушілер шеруге шықты

Испанияда өрт сөндірушілер наразылық шеруіне шықты. Олар биліктен еңбек жағдайын жақсартуды талап етті.

Шерушілер әсіресе орман өртін сөндірушілердің еңбек құқықтарын қорғайтын заң қабылдауды сұрады. Мәселен, Испанияда бұл салаға адамдар жаз айларында орман өрті жиілеген кезде көптеп тартылады. Бірақ олар кәсіби маман болмағандықтан еңбек құқықтары заңмен қорғалмаған. Ал ресми дерекке сүйенсек, биыл Пиреней түбегінде құрғақшылықтан орман өрті жиілеп, 246 мыңнан аса гектар жер күлге айналған.

Кристобаль Лендинс, шеруші:

- Үкімет бізді елемеуді тоқтатуы керек. Олар биыл ел аумағында қаншама орман өртенгенін жақсы біледі. Сондықтан тілсіз жаумен күрескен жандар жан-жақты қамтамасыз етілуі қажет. Ең алдымен орман өртін сөндірушілердің мәртебесін бекітуі тиіс.