Босқындарға көмек керек

БҰҰ қаржылай көмек алмаса, қарамағындағы босқындардың жағдайы күрт  нашарлап кетуі мүмкін. Бұл турасында ұйым өкілі Филиппо Гранди мәлім етті.

Соңғы деректерге қарасақ, Украинада қарулы қақтығыстар басталғалы миллиондаған адам үйін тастап, елден қашуға мәжбүр болған. БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, әлем бойынша 100 млн босқын бар. Осыған байланысты ұйым бюджеті 10 млдр долларға дейін өсіп отыр. Қазір халықаралық мекемеге кем дегенде 700 млн доллар көмек көрсетілмесе, босқындар лагерлерінің, орталықтарының санын қысқарту керек болады. Сонымен қатар киім-кешек, тамақпен қамтамасыз ету жағдайы қиындауы мүмкін. Филиппоның сөзінше, алдағы уақытта күн суытқанда ахуал тіпті күрделене түспек.