Қазақстан Украинадағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялауға дайындалып жатыр

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Оның айтуынша, шара Украина аймақтарына зымырандық шабуыл қаупіне байланысты қолға алынғалы отыр. Қазір министрлік бұл елде қанша қазақстандық барын тексеріп жатыр. Бірақ әзірге елшілікке ешбір азамат көшіру туралы көмек сұрап келмеген. Айбек Смадияров сондай-ақ  қазір тек қызметкерлерді эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатқанын айтады. «Ал елшілікті жабу алдағы күндері шешілуі мүмкін», – дейді.  Сонымен қатар Украинадағы ахуалға байланысты азаматтардың бұл елге сапар шегуден бас тартуға, ал онда жүрген қандастарымыздан әуе шабуыл туралы хабарларға құлақ асып, тиісті орындарға жасырынуға шақырды.