Кореяда сүт безінің ісігіне жастар жиі шалдығатын болған

Корея дәрігерлері дабыл қағып отыр. Жастар сүт безінің қатерлі ісігіне жиі шалдығатын болған. Сондықтан дертті дер кезінде анықтау үшін мамандар диагностика мерзімін өзгертуді ұсынды. Қазір Кореяда әйелдер міндетті скринигтен 40 жастан кейін өтуі тиіс. Мамандар, бұл зерттеуді 30-дан  бастауды ұсынып отыр. Өйткені дерт ерте анықтаса, операциялардың 90 проценті сәтті өтеп, адам дертінен айығып кете алады.

Кореяда 40 жастан асқан әйелдерді сүт безі ісігін анықтайын диагностикаға шақыртады. Мұны екі жылда бір рет мүлдем тегін істеуге болады. Статистикаға сүйенсек, қатерлі дерттің алғашқы және екінші кезеңінде операциялардың 90 проценттен астамы сәтті өтеді. Үшінші кезеңінде 70%. Ал соңғы кезеңінде науқастардың тек үштен бір бөлігін ғана аман алып қалуға болады. Егер осыдан 10 жыл бұрын ауруы асқынған әйелдердің омырауын түгел кесіп тастауға тура келсе, қазір медиктер оны сақтап қалу үшін бар күшін жұмсайды.

Ю Джи Ен, Корея Университеті ауруханасының профессоры:

- Біз пластикалық хирургтармен кеңесеміз. Омырауын толық алатын болсақ, эстетикалық түрін сақтау үшін, жасанды импланттар немесе әйелдің арқасындағы және құрсағындағы майын қолданамыз. 2015-жылдан бастап мұндай пластикалық операциялар медициналық сақтандыру арқылы өтеле бастады. Сондықтан науқастардың шығыны едәуір азаяды. Ал 2020 жылдан бастап роботтың көмегімен операция жасайтын болдық. Одан кейін қалатын тыртық та үлкен емес. Бұрын 8-9 см болса, қазір 3-4 см

Осыдан екі жыл бұрын Ю Джи Ен Қазақстанға барып қайтты. Айтуынша, еліміздегі диагностика деңгейі жаман емес. Бірақ әйелдердің көбі тексеруден өтуге асықпайды. 

Ю Джи Ен, Корея Университеті ауруханасының профессоры:

- Кейбіреуіне ауруханаға бару қолайлы емес, сондықтан көбі диагностикадан өтпейді. Біз Кореяда 35 жастан бастап омырауды тексере бастауға нұсқау береміз. Егер ауруханаға бару қиын болса, мұны үйде істеу керек. Егер омырауыңыздан қатайған жер тапсаңыз, міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Кореядан науқастардың 40 процентінен астамында сүт безінің ісігі ерте кезеңінде анықталады. Сондықтан диагностика маңызды.

Профессор Ю Қазақстанда сүт безі ісігінің дамуына витаминдер қалай әсер ететінін жиі сұрағанын еске алды. Айтуынша, дәруменді шамадан тыс қолдану ағзаға зиян. Сондай-ақ, артық салмағы бар әйеледерде бұл дерт жиірек анықталады екен. Сондықтан профессор майлы тағамдардан гөрі көкөністі көбірек қолданып, дұрыс тамақтанған жөн дейді.

Владислав Цой, Ольга Лян